Skip to content

Бүгін, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі “Жоғары колледж” бөлімінің…

Бүгін, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі "Жоғары колледж" бөлімінің ЕТ-02-22 тобы мен ЕТ-05-22 тобының студенттері, топ тәлімгерлері М.Қ.Шоханова мен Г.Усербаеваның ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай "Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Білім алушыларға 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу. Қазіргі ер балалардың қандай болу керек екендігін және де жасөспірім кезіндегі туындайтын әке мен бала, аға мен іні арасындағы қатынас туралы түсінік беру.

Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымыз жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *