Skip to content

ЖАСТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ 2025 жылдың 11 қарашасында колледжде «Сыбайлас жемқорлыққа…

ЖАСТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ

2025 жылдың 11 қарашасында колледжде «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында колледждің белсенді жастарының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ Түркістан облысы және Шымкент қалалық филиалының директоры Досалиев Қанатбек Балтабайұлы қатысып, жастармен ашық сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында Қанатбек Балтабайұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы кеңінен тоқталып, жастарды адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын ұстануға шақырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде колледждің Студенттік Парламенті президенті ұйым басшысына жастар атынан алғыс білдіріп, бұл бастаманы толық қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ колледжде белсенді студенттерден құралған арнайы жастары ұйымын құрып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдеді.

Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды кездесу болды.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *