"МЕЙІРІМ- ЖҮРЕКТЕН" атты айлық іс-шара аясында "Сырғалым" қыздар клубы, "Өнеге" аналар клубының ұйымдастыруымен "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Жиналыс аясында "Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің және жыныстық тиіспеушіліктің алдын-алу", "Жеке бастың гигиенасы" атты баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Баяндама бойынша сұрақтар қойылып, қыздармен ашық сұхбат ұйымдастырылды. Жиналыста қазіргі қыздар арасында болып жатқан әртүрлі мәселелер талқыланды, түрлі түсінбеушілік салдары, ауру түрлері, оның туғызатын зардаптары туралы нақты фактілермен мысал келтіріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысқандар:
1. Колледж медбикесі- Набатова Жамиля Кенжибековна.
2. Шымкент қаласы студенттік емхананың меңгерушісі- Байдуллаев Тимур Батырұлы.
3. Колледж педагог-психологы: Исабай Эльмира Жумадиловна.







