"МЕЙІРІМ -ЖҮРЕКТЕН!" АЙЛЫҒЫНА СТУДЕНТТЕР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
2023 жылдың 26 сәуір күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қолдауымен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ойшыл ақын, сопылық ілімінің негізін салушы Қожа Ахмет Ясауидің туғанына-930 жыл толуына орай "Яссауи әлемі" атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенттік парламент мүшелері белсене қатысты.





