Skip to content

МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ “Мейірім -Жүректен” атты айлықтың жариялануы аясында және…

МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"Мейірім -Жүректен" атты айлықтың жариялануы аясында және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2023 жылдың сәуір айының 25 күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Құқық бұзушылықтың алдын алу" комиссиясының, аналар және қыздар клубының, колледж психологының ұйымдастыруымен колледж қыз балалары арасында "Қылмыстың арты, міндетті түрде жаза!" атты тақырыбында жергілікті сала мамандарымен кездесу өтті.

Жергілікті сала мамандары өз баяндамаларында күнделікті жұмыста оқып жаттығуларға арналған, жастардың жаман әдетке дағдыланып, құқық бұзып, қылмыс жасап, соңынан істеген істеріне өздерінің өкініштерін білдіріп жатқанға саятын көрнекі бейне құжаттарын көрсете отырып, жастармен ақыл кеңестерімен бөлісті.

Бізде қонақта:
1. Шамунова Эльмира Наильевна -Облыстық наркологиялық диспансерінің психологы.
2. Имашева Гульнара Тутқабаевна -Шымкент қаласы білім басқармасының "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы" әдіскері.
3. Сапи Әлімжан Маратұлы – Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры.
4. Садыкова Майра Бейсенқызы – "Психикалық денсаулық орталығының" нарколог дәрігері.
5. Сарсенбаева Бибігул Ермаханбетовна -Ата-аналар комитетінің мүшесі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *