Skip to content

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 2023 жылдың 27 сәуір күні М.Өтебаев атындағы…

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2023 жылдың 27 сәуір күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Кәсіби мамандарды даярлау жүйесінде оқыту әдістерінің тиімділігі" техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары мен мамандарына арналған қалалық семинар өтті.

Семинар барысында әлемдегі алдыңғы қатарлы білім ордаларының кәсіби мамандарды даярлау жүйесіндегі тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою және жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену мәселелері бағытында педагогтар өздерінің сабақ өту әдістерін көрсетті және құнды баяндамалар оқыды, оқу бағдарламасының мақсаты мен күтілетін нәтижелері, білім алушылардың өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау барысында олардың мотивациясын арттырудың тиімді жолдары талқыланды.

Іс-шараға қаладағы колледждерден елуге жуық педагогтар қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *