ӘДЕБИ ПЕЧА-КУЧА ӨТТІ
2023 жылдың 21-ші сәуір күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде кітапханашы Қайып Құндыз және СӨ-01-22 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы шеңберінде "Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі" тақырыбында әдеби-куча іс-шарасы өтті.
Печа-куча (таныстырылым) қызықты әдеби шығармаларға және әдеби кейіпкерлерге арналды.
Іс-шараға қатысушылар тақырыптары бойынша презентациялар көрсетті. Әр сөз сөйлеушіден кейін көрермендер өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойды. Печа-куча форматы студенттерге дәстүрлі әдістерге қарағанда шығармашылық еркіндік береді. Сондықтан да, көрермендер арасынан Абайдың, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, өздері оқыған кітаптары туралы бөлісіп іс-шараның қызықты өтуіне белсенділік танытты. Бүгінгі таңда ұлттық дамудың басымдығы халықтың мәдениеті мен білім деңгейі болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамдағы адамға қойылатын талаптар артып келеді.
Іс-шараның мақсаты: көркем әдебиетті, кітап оқуды насихаттау, қызығушылықтарын арттыру, біздің қоғамда оқудың жаңа моделін құру кезеңінде заманауи прогресс пен дәстүрлі ақпарат көздерінің өзара әрекеттесуін көрсету.








