"АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі жалпы білім беру ұйымдарының 9,11 сыныпты бітіруші түлектері үшін 2023-2024 оқу жылына кәсіптік бағдар беруге арналған "Ашық есік" күндерін бастады.
Мақсаты: Бітіруші түлектердің еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігін қалыптастыру. Колледжде дайындалатын мамандықтармен таныстыру.
18.04.2023ж. күні қала мектептерінен 600-ден аса оқушылар келіп, колледжде өтіп жатқан "WorldSkills Shymkent-2023" қалалық чемпионатына экскурция жасады. Инновациялық жобалар көрмесімен, колледждің материалдық базасымен танысты. Колледжде дайындалатын мамандықтар туралы баяндадып, колледждің жетістіктері туралы бейне ролик көрсетілді. Өңірдің индустриялық және инновациялық дамуын ескере отырып, жаңа мамандықтарды ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Оқуға қабылдау ережелерімен таныстырылып, сұрақтарға жауап берілді.
Колледжде "Ашық есік" күні бірнеше күнді қамтитындықтан барлық талапкерлерді шақырамыз! Мамандық таңдау-болашақты таңдау!
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА- НАҚТЫ ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ!







