Skip to content

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛДЫ Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына…

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛДЫ

Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына орай "Дәстүрлі тәрбие- сапалы білім" атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өтті.

"Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі", "Құрмет белгісі", "Парасат" орденінің иегері және өңіріміздің Құрметті азаматы, меценат- Өтебаев Манап Өтебайұлының өмірі мен өнегесін, жастарды тәрбиелеудегі орнын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау, ұстаздық жолымен түрлі салалар бойынша атқарған жұмыстарын дәріптеу мақсатында өткен жиынға қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында М.Өтебайұлының өмірі туралы бейнебаянды тамашалады және колледж студенттерінен құралған домбыра оркестрінің орындауында күй тыңдалды.
Баяндамашылардың жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарымен жалғасып, сұрақ-жауаптар болды. Соңынан қорытындыланып, естелікке суретке түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *