МАНАП ӨТЕБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
М.Өтебайұлының 85 жылдығына орай М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде тағылымы мол ұстазды еске алу жиыны өтті. Жиын барысында шақырылған қонақтар, қоғам қайраткерлері және отбасы мүшелері дара тұлға туралы естеліктермен бөлісіп, оқу ғимаратының алдындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еңбек жолы мен өнегелі өмірі насихатталды.








