М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 2023 жылдың 22 ақпанында "Ұлағат" ата-аналар комитеті және колледж педагог психологының ұйымдастыруымен "Психологиялық денсаулық" атты тақырыбында студенттермен кездесу іс -шарасы өтті.
Мақсаты:Денсаулық психологиясының негізгі мақсаты-біздің физикалық әл-ауқатымызда қандай психологиялық факторлардың маңызды рөл атқаратынын түсіну. Осылайша, бұл білімді жастардың денсаулығын жақсарту үшін жеке-жеке кеңесу арқылы немесе халықты хабардар ету бағдарламаларын құру арқылы қолдануға болады. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық компетенттілігін арттыру, баланың психологиялық денсаулықтарын арттыруға және сақтауға ұстанымдарын қалыптастыру.
Кеш қонақтары:
1."Ұлағат" аналар комитетінің төрайымы Гулсара Омарқызы.
2. Колледждің педагог психологы А.Е. Мақсұт.
Ұйымдастырушылар:
1. "Ұлағат" ата-аналар комитетінің жетекшісі Т.Т.Каюпова.
2. Колледждің педагог психологы А.Е.Мақсұт.






