Skip to content

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚАТАРЫНДАМЫЗ… Бүгін, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов…

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚАТАРЫНДАМЫЗ…

Бүгін, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов "Үздік жобалар желісі" аясында жылдың үздіктерін марапаттады. Оған ардагер ұстаздар, мектеп басшылары, "Үздік жоба" жеңімпаздары, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегерлері мен педагогтар қатысты.

Аталған іс-шарада М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Жантурсынова Ләззат Амантаевнаны Республикалық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ -2022" ретінде құттықтап, Алғыс хатпен бірге қаржылай сыйлықтың сертификатын табыстады.

Салтанатты шеру үздіктер көрмесімен басталды. Әр жобаның маңызы мен мәніне үңілген жиынға қатысушылар түрлі байқау жеңімпаздарының еңбегімен таныс болды. Одан соң шаһар басшысы алғы сөз сөйлеп, білім саласындағы жыл бойы атқарған жұмыс нәтижесімен бөлісті.

Ләззат Амантаевна марапатыңыз құтты болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *