М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Бағдарламалау және ЕТ" кафедрасының оқытушылары "Болашақ білімді жастардың қолында" атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты: Білім алушылардың логикалық ойлауын, саралауын, салыстыру қабілеттерін дамыту және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Интеллектуалды сайысқа "Ақпараттық жүйелер және ЕТ" бөлімінің білім алушылары қатысты. Сайыс барысында білім алушылар жан – жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктерін көрсете білді.
Болашақта сайысқа қатысқан барлық қатысушылар білімдерін шыңдап, зеректіктерін дамыта отырып биік белестерді бағындыратынына сенеміз!





