Skip to content

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің “Бағдарламалау және есептеу техникасы”…

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Бағдарламалау және есептеу техникасы" кафедрасының "IT -әлемі" атты онкүндігі аясында кафедра оқытушылары Р.Т.Медетова мен С.К.Тимурбекова "IT -технологиясы саласындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптар" тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өткізді.

"IT -бағыттағы мамандарды даярлау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау" мақсатында өтілген дөңгелек үстелге қаланың IT – мамандықтарды дайындайтын 6 колледжі қатысты.

"Өзекті мәселелердің заманауи IT – шешімдері" тақырыбында студенттер өз жобаларын ұсынды:
1. М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Ережепов Бахытжан "Android Studio -да QR – сканер әзірлеу". Жетекшісі: Медетова Райхан Тынысовна.
2. М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Абилдаева Аяна "Фирмалық стиль жасау жобасы". Жетекшісі: Тимурбекова Сауле Кулахметовна.
3. Индустриалды- техникалық колледжінің студенттері Одиноких Ангелина, Габдулин Руслан "Современные IT -решения актуальных задач". Жетекшісі: Сейсенгалиева Гульжан Алимбаевна.
4. Политехникалық колледжінің студенті Долинко Ростислав "Мобильное приложение Qala 17". Жетекшісі: Орынбасарова Толқынай.
5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Оразбекова Қымбат "Современные требования к специалистам в области IT – технологий". Жетекшісі: Амирханова Гулдана Арынбековна.
6. Мирас колледжінің студенті Киличов Алмаз "Отечественная программа MultiTool как решение насущной проблемы владельцев ПК". Жетекшісі: Мустафаева Лейла Тимуровна.

Дөңгелек үстелге қатысқан қатысушылардың мәселелерін талқылау және пікірлерін білдіру үшін ғана емес, IT мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа шешімдерді іздеу және әзірлеуге арналған алаңға айналды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *