БІЗДІҢ АБЫЛАЙХАН РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті Әбдінәби Абылайхан "Talap " КЕАҚ ұйымдастырған "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті" байқауының жеңімпазы болды.
Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында "ТVET AWARDS" ресми құттықтау рәсімі өтті.
Іс – шараға ҚР Оқу -ағарту министрі Аймағанбетов Асхат Қанатұлы арнайы қатысып, үздік студенттерге тілегін айтып, Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ колледждердің үздік студенттерімен кездесу барысында алған ерекше әсерімен бөлісті және жігерлі жастардың болашаққа деген көзқарасы мен сеніміне ризашылығын білдірді.
Барлық кезеңдерден жоғары нәтижемен өткен және үздіктер қатарынан көрінген Абылайханды құттықтаймыз!




