ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ
Бүгін, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Бухгалтерлік және экономикалық пәндер" кафедрасының оқытушылары "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында "Өз кәсібің туралы көркем әдебиет" атты әдеби квилт ұйымдастырды.
Жасөспірімдердің әдеби
саладағы құзыреттілігін дамытуда ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау, әлемдік құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау, "автор-оқырман" диалогына қосыла білуі, сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру мақсатында өткен іс- шарада қатысушылар оқыған кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.
Атап айтқанда:
1.Роберт Кийосаки "Бедный папа, богатый папа".
2.Саидмурад Давлатов "Мен және ақша".
3. Филипп Котлер "Маркетинг және менеджмент".
4. Қуаныш Шонбай "Екінші болма".
5. Ілияс Есенберлин :Маңғыстау майданы".
6. Робин Шарма "Монах, который продал свой Феррари".
7. Джек Лондон "Мартин Иден".
8. Теодор Драйзер "Финансист", "Титан", "Стоик" трилогиясы.
Осындай іс-шаралар өткізу арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алатын, сондай-ақ қиялды ынталандыратын және дамытатын жұмыс түрлері пайда болады.
Студенттер мен оқытушылар біріге отырып "Өз кәсібің туралы көркем әдебиет" тақырыбындағы әдеби квилт стендін безендірді.









