ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Ұлағат" ата-аналар комитетінің жетекшісі Т.Т.Каюпова және кітапхана меңгерушісі М.М.Бекаманованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында өткізілген колледж қабырғасындағы кітапхана оқулықтарының электронды нұсқасын ата-аналарға college.snation.kz порталындағы жұмысын ұйымдастыру атты кездесу өтті.
Мақсаты: Студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімі мен білік дағдыларын кеңейту.
Кеш қонақтары:
1. "Ұлағат" ата-аналар комитетінің төрайымы Омарқызы Гулсара.
2. "Ұлағат" ата-аналар комитетінің мүшесі Большинбаева Гаухар.
3. Колледж директорының оқу -әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.А.Дауренбаева.





