АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі бөлім меңгерушілерінің тәрбие саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.
Әлеуметтік-педагогтың көмегімен анықталған бөлімдегі студенттердің әлеуметтік жағдайы бойынша талдау жасап, ерекше назардағы және девиантты мінез құлықты балалардың мәселесіне тоқталып өтті. Бүгінгі таңда ерекше топтағы студенттерге тәлімгер тағайындалған.
Сондай-ақ, түрлі іс-шаралармен, қабілетіне қарай қоғамдық мәдени, спорттық үйірмелерге қатысуына ықпал жасалып, қолайлы орта ұйымдастыру жолындағы жұмыстарын көрсетті. Бұл жиын өз кезегінде бөлім меңгерушілерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы болғандықтан түрлі сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.










