Республика күніне орай экскурция ұйымдастырылды.
Өлкеміздің сонау замандардан келе жатқан айбынды тарихы, мақтаныш етер шежіресі, ертеңгі ұрпаққа мақтана айтатын, өнеге ететін ұстанымдары мол екені белгілі. "Шымкент ескі қалашығы"-жергілікті маңызы бар, тарих пен мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны.
Осы орайда М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Қоғамдық пәндер" кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдени тарихи ескерткіштерін жинақтап, сақтап, осы бағыттағы құндылықтарды көпшілікке насихаттау мақсатында бірінші курс студенттерімен " Шым қала" тарихи-мәдени кешеніне экскурция жасады.





