"АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫ САПТА!"
Республика күні- ұлттық мерекесі қарсаңында Түркістан облыстық тарихи- өлкетану мұражайында "Ардагерлер алғы сапта!" атты танымдық, мерекелік іс-шара өтті.
Бұл іс-шараға Еңбек ардагері, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тақмағанбетов Асылбек, ҚР білім саласының үздігі, жазушы Әбдуәлі Бегалы, Еңбек ардагері Ахметбаев Аманбек, ардагер ұстаз т.ғ.к Көмекбаева Балқия қатысып, жастарға тәлімдік құндылығы бар пікірлерін білдіріп, өнеге- өсиетке толы ұлағатты ойларды жеткізді.
Бұл іс-шараға "Құрылыс" бөлімінің топ тәлімгері Л.А.Жантұрсынованың жетекшілігімен ҚР-01-22 тобының студенттері қатысып, ардагер ақсақалдардың батасын алды.




