Skip to content

ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ 05.05.2025 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары…

ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

05.05.2025 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ЖІЖ комитеті, студенттік парламенттің «Мәдениет және өнер» фракциясы, «Жас сарбаздар» клубы және колледж көркемдік жетекшісі Лаура Мугалбекованың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіске 80 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер құрылғанына 33 жыл толуына орай әскери – патриоттық іс-шарасы өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын алып шығып, мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, «Жеңіс» әнімен жалғасты. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбеков Асқар Жарқынбекұлы алғашқы құттықтау сөзінде жиынға қатысушыларды айтулы даталармен құттықтап, жастарды патриот болуға шақырды.
Бізде қонақта:
1. Подполковник – Умарбеков Сакен Қолдасбекұлы;
2. 2-сыныпты сержант – Үйсінбаев Дархан Ибаділдәұлы;
3. «Ұлан» – Құттыбай Даурен Алдиярұлы.

Іс-шара барысында колледж белсенділері өз өнерлерін көрсетті.
Ерлік даңқын дәріптеуге бағытталған патриоттық іс-шараға қатысушылар ерекше әсер алып тарқасты.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#бүгінбіздеқонақта
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *