ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТӘРТІП ФРАКЦИЯСЫ
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ЖІЖ комитеті, студенттік парламенттің құқық және тәртіп фракциясының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі" атты тақырыбында сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізді.
Іс шараға жастар ресурстық орталығының Аутич және NEET жастарымен жұмыс бөлімінің инспекторы Қыпшақбаев Рауан,
"Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының басшысы, заңгер Айжан Кесебай Өмірзаққызы, Әл – Муслим мешітінің найб имамы Қошанов Еркеғали және Шымкент қаласы Дін істері басқармасының " Дін мәселелері зерттеу орталығы" КММ теолог маманы Жолдасқызы Аружан қатысты.
Кездесу барысында мамандар өз салалары бойынша баяндамалар оқып, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтіп студенттер көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.




