Тарихи танымдық конференция өтті
"Ауыл" ХДПП Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы және М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына, А.А. Асқаровтың 100 жылдығына арналған "ЕЛІ БАР ЕРДІҢ – ЕСІМІ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ" атты тарихи танымдық конференция жоғары дәрежеде өтті.
Мақсаты: Елдің экономикасының өсуіне, ғылым, білім, мәдениеті, руханияттың өркендеуіне зор үлес қосқан Ұлы тұлғалардың өрелі істерін насихаттап Шымкент филиалының төрағасы Қанатбек Балтабайұлының алғысөзімен басталған іс-шараға Зиялы қауым, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ұлы тұлғалармен қызметтес болған азаматтар, БАҚ өкілдері, оқытушылар мен өскелең ұрпақ студенттер қатысты.










