ДЕБАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Клубтар сайысы
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Б.П жастардың әскерге баруы ақталады деп есептейді", "Тәрбиелеу: еркелете сөйлеп өсіру немесе қаталдықпен өсіп-өну ма?" тақырыптарында колледж дебат клубтары арасында дебаттық турнир ұйымдастырылды. Турнирге колледждің "Шамшырақ", "Әділет",
"Жас ғалым" клубтарының командалары қатысты.
Дебаттық турнир апф форматында жүзеге асырылды. Әр команда өзінің белсенділігін жоғары дәрежеде көрсетті. "Шамшырақ" клубының командасы өздерінің іскерлігімен І – орынға ие болды. Колледждің студент жастары дебатты тамашалап, патриоттыққа, отбасылық тәрбиеге қызығушылығын көрсетті.








