ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Жұмыс беруші күні" аталып өтті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырылған іс -шараға "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Кездесу бағдарламасы бойынша:
1) Жұмыс берушілер үшін колледждің материалдық-техникалық базасымен танысу экскурциясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар);
2) Оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері;
3) Үздік жұмыс берушілерді ҚР Оқу-ағарту министрінің, Шымкент қаласы әкімінің, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапаттау;
4) Меморандумдар мен келісімдерге қол қою;
5) Колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмелері және т.б ұйымдастырылды.










