ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ
2022 жылдың 22 қараша күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Тілдер " кафедрасының онкүндігі аясындағы апталық жоспарына сәйкес шет тілі оқытушылары А.Б.Джартыбаева мен А.Нұрмашқызы "Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама" атты мастер-класс өткізді.
Оқытушылар жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқу мен сабақ мақсатын жоспардың маңыздылығына кеңінен тоқтала отырып, өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін құруда Блум Таксономиясының қажеттігін атап өтті.








