АҚЫНДАРМЕН ӨТКЕН ӘСЕРЛІ КЕШ
2022 жылдың 24 қараша күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Тілдер " кафедрасының оқытушылары Шоханова Маржан Камытбеккызы мен Саурбекова Айгул Лесбекқызы Дінмұхамед Қонаевтың -110 жылдығына орай "Елін танытқан -ер" атты әдеби кеш өткізді.
Кештің мақсаты:Студенттерге қазақ елінің азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жан -жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекеттік және халқына сіңірген еңбегін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, жастардың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
ҚР Қоғам қайраткерінің "Димаш аға" әнімен басталған кеш ақын, жазушылардың Ұлы тұлғаны дәріптеуімен жалғасын тапты. Белсенді студенттер келген қонақтардың Д.Қонаевқа арнауларын мәнерлеп оқып, көрермендерді көңіл күйге бөледі.
Кеш қонақтары:
1. Ақын, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Жазушылар одақтарының мүшесі, Дүниежүзілік АПЭУ атты ақын-сазгерлер бірлестігінің Қазақстандағы Модераторы, Халықаралық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегері – Қыдырбекұлы Бөрібай Оразымбет.
2. Қаламгер. Ақын, жазушы.Түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі – Мухтарова Марғуба Мухтарқызы.
3. Ақын, сазгер. Халықаралық Көркемөнерпаздар одағының мүшесі- Айзада Бекенқызы.
4. Қаламгер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі- Ауданова Бақтыгүл Рүстемқызы.
5. Қазақстанның қоғам қайраткері, әнші – Нұрмағанбет Абдихан.
6. Саз колледжі "Шаңырақ" ансамбльінің жетекшісі- Оразтаев Нұрсұлтан.






