МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Аймағанбетов Асхат Қанатұлы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында колледждердегі мәселелер, ұсыныстарға тоқтала отырып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар кейбір заңнамалық құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақыттағы жоспарлармен қысқаша таныстырып, барша басшыларға сәттілік тіледі.





