РОБОТОТЕХНИКАДАН ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫҚ
2022 жылдың 11 желтоқсанында "WorldSkills Kazakstan-2022" кәсіби шеберліктің VІІ республикалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды.
Шымкент қаласы білім басқармасының М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша Манақбаев Марс Улуқбекұлы және Тұрысбеков Қуанышбек Ерболұлы жүлделі ІІ -орынды иеленді.
Жетекшісі: Тумашбаев Сабит Русланович
Жеңімпаздарды:
ҚР Оқу -ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев;
ҚР Парламентінің Мәжіліс Депутаты Жанна Тельпекбаева;
ҚР Оқу -ағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдіманап Бектұрғанов;
"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасының Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов;
"Svarka KZ" компаниясының орынбасары Роман Абишев;
"Talap" КЕАҚ президенті Шолпан Утельбаева марапаттады.
"WorldSkills Kazakstan-2022" чемпионатына 20 өңірден 500-ден астам жас маман қатысты. Оның 112 қатысушысы І,ІІ, ІІІ орындарға ие болды және 114 қатысушы "Үздік маман" номинациясының иегерлері атанды.






