Skip to content

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің “Бағдарламалау және ЕТ” кафедрасының…

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің "Бағдарламалау және ЕТ" кафедрасының оқытушылары Д.Маженова, Н.Қасымбекова, Д.Мәулімсейт және кітапхана меңгерушісі М.Бекаманованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар колледж" жобасының аясында "Қазіргі IT әлеміндегі кітапхана рөлінің маңыздылығы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Кітап оқу- рухани кемелденудің көзі деген, ал қазіргі уақыт -секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн".- деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын.

IT маманы болу үшін жақсы IT курстарын таңдап қана қоймай, әртүрлі IT бағыттарын үйренуге көмектесетін кітаптарды оқу маңызды болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *