Skip to content

ЖАТАҚХАНАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар…

ЖАТАҚХАНАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында "Біз – Тәуелсіз елміз" тақырыбында іс -шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарын, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету. Студент жастардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Бүгін дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі- осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *