Skip to content

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРДІ Күн тәртібінде: 1)М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа…

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРДІ

Күн тәртібінде:
1)М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізу бойынша құрылған комиссия төрағасының есебі.
2)2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығына Әлеуметтік педагогтің атқарған жұмыстары туралы есебі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы N486 "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" бұйрығы негізінде "М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі" МКҚК өзін-өзі бағалау жұмыстарын жүргізу туралы комиссия төрағасы, колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Кендирбаев Сейілхан Сайыпназарұлының есебі тыңдалды:
Аттестаттаудың ерекшеліктері:
1. Онлайн жүйесінде өтеді. Барлық бағалау бөлімдері бойынша ақпараттар мен атқарылған жұмыстарды білім беру ұйымының ресми сайтына орналастырады.
2. Аттестаттау рәсімдері соңғы 3 жылға жүргізіледі, яғни ағымдағы оқу жылы және осыған дейінгі соңғы екі оқу жылы кіреді.
3. Бітіруші студенттерге тестілеу болмайды.

Күн тәртібінде екінші мәселе бойынша колледждің әлеуметтік педагогі Ұлсана Тұрғанбай "2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстар" туралы есеп берді. Ол жерде студенттердің әлеуметтік картасы, республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары есебінен студенттерге білім беру кезеңіндегі берілетін әлеуметтік көмек және жәрдемақы т.с.с. бағыттар бойынша тоқталып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *