ШАХМАТТАН ЧЕЛЕНДЖ ӨТТІ
Бүгін,Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде шахмат ойнау челенджі өтті. Іс-шараға колледждің 1-3 курстарының білім алушылары қатысты.
Челлендждің мақсаты: Шахмат ойыны арқылы жастардың зияткерлік және ақыл-ой, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
-студенттердің бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық,өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту. Шахмат -адамдардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес, рапид уақытымен өтті. Ойын барысында жеңіске 2 ұпай, ұтылса 0 ұпай, тең ойынға -1 ұпай берілді.
ЖЕҢІМПАЗДАР АРНАЙЫ ДИПЛОМДАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.






