Skip to content

ӨНДІРІСТЕ ЖАЛҒАСҚАН “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” Бүгін, 2023 жылдың 20 сәуір…

ӨНДІРІСТЕ ЖАЛҒАСҚАН "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ"

Бүгін, 2023 жылдың 20 сәуір күні сағат 12:00-де М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі "MANSAP" орталығының ұйымдастыруымен "АйСервис Транс" ЖШС-нің өндірістік компаниясының базасында жұмысшы мамандықтары мен біліктілігін насихаттау мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасының N78 жалпы орта білім беретін мектебінің бітіруші сынып оқушылары үшін экскурция өткізілді.

Колледжіміздің әлеуметтік серіктес компаниясы "АйСервис Транс" ЖШС-нің негізгі жұмыс бағыты ол: Төмен және жоғары кернеулі электр тарату құрылғыларын өндіру (электртрансформаторлар), техникалық қызмет көрсету және монтаждау. Электрмен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысшы мамандықтары мен біліктілігін насихаттау іс-шарасына жауаптылар: "Техникалық пәндер" кафедрасының меңгерушісі Байсалова Ақмарал Дәуітбекқызы мен директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Ахмед Молдабекович Шалдарбеков.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *