Skip to content

МАХАМБЕТТІҢ ӨЛЕҢДЕРІ ЖАСТАРДЫ РУХТАНДЫРАДЫ 20.04.2023ж. күні Махамбет Өтемісұлының туғанына 220…

МАХАМБЕТТІҢ ӨЛЕҢДЕРІ ЖАСТАРДЫ РУХТАНДЫРАДЫ

20.04.2023ж. күні Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Махамбет поэзиясы-Ұлтына ұран болған рухы биік поэзия" атты қалалық колледж студенттері арасында тарихи-әдеби кеш өтті.

Мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарынын өлеңдері арқылы жастарға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін студенттер бойына дарыту. Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Іс-шарада "Махамбет-даланың дауылпаз жыршысы" ақынның өмірі мен өлеңдері туралы бейнеролик көрсетіліп, "Махамбет поэзиясындағы өршіл рух" поэзиялық өлеңдері жатқа оқылып, "Махамбет Өтемісұлы туралы қазіргі жастар не біледі?" елінің азаттығы жолында асау жырымен де, ержүрек ерлігімен де күреске түскен ақын туралы қоғамнан сұхбат алынып, "Исатай мен Махамбеттің достығы" жайлы қойылымдар көрсетіліп, Махамбеттің жырлары айтылды.

Сонымен қатар Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі, Индустриялды-техникалық колледжі, Инновациялық технологиялық колледжі, Политехникалық колледжі, Қаз АТК Шымкент көлік колледжі, Шымкент қаласы жол-көлік колледжі, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледждерінің студенттері белсене қатысып, марапатталды.

Ұлтына ұран болған рухы биік Махамбет найзадай жырлары өлмес, өшпес уақыт пен кеңістіктің аясына сіңіп, жалынды жырлары намыс отындай мәңгі алаулап, жастар бойында жанып тұрады!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *