Skip to content

ДАЛА ЖИЫНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі…

ДАЛА ЖИЫНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі базасында 2023 жылғы сәуір айының 24-28 аралығында алғашқы әскери дайындық пәнінен 5 күндік оқу-дала жиыны өтті.

Әскери оқу-дала жиынын өткізу барысында талапқа сай қажетті құжаттарды рәсімделіп, материалдық-техникалық базаны, қару-жарақтар макетін дайындап, арнайы бекітілген кестеге сәйкес 5 күндік әскери тактикалық қозғалыстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қыз балаларды дәрігерлік-санитарлық дайындықтан өткізу және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған бейне роликтер ұсынылып, арнайы мамандарды шақырта отырып, кеңестер берілді.
Жиынға қатысқан ұл балалар саны – 457, қыз балалар саны – 206, барлығы 663 студент. Қорытындысында үздік взвод командирлері, белсенді курсанттар және барлық жаттығулар мен жарыстардан жоғары балл жинаған взводтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жалпы командалық есепке үздік деп танылған взводқа әскери оқу-дала жиынының "АУЫСПАЛЫ КУБОГЫ" табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *